Қазақстандағы Алғыс айту күні – жақында ғана атап өтіле бастаған, ерекше мағына мен руханиятқа толы жаңа мереке. Бұл күні қазақстандықтар алыста қалған ауыр кезеңді еске алады және көптеген адамдар елге жер аударылған жылдары көрсеткен мейірімділігі, төзімділігі және қонақжайлылығы үшін бір-біріне алғыс білдіреді.

 

Музыка мектебінің оқушылары аталған оқиғаны елден ерекше,  шығармашылықпен қарсы алды. Оқытушы Биғабылова Ботагөз Төреақынқызының жетекшілігімен 5 сынып оқушысы Гуцан Ангелина «Спасибо, Казахстан!» атты ән шығарып, осы әнмен облыстық «Алғыс әуені» байқауына қатысты.

 

Әннің сөзін Қостанайлық танымал ақын Александра Суслова жазды, ал оны өз шығармашылығымен біздің оқушыларымызға біраздан бері қолдау көрсетіп келе жатқан композитор Андрей Коротченко өңдеді.

 

Мектеп тәрбиеленушілері туындыны қысқа уақыт ішінде үйреніп, бейнежазба жасады. Әнді БММ оқушылары: Михаил Кемпіров, Ангелина Гуцан, Айханым Амангелді, Айым Молдағалиева, Әсия Байжанова, Жәмила Сейітқанова, Матвей Бурда, Асылбек Жұмағалиев орындады.  

 

Вокалдық ансамбльдің орындауындағы біздің жас композитор Ангелина Гуцан туындысының бірінші тыңдаушысы болуды және қостанайлық музыканттардың шығармашылық бастамаларына қолдау көрсетуді ұсынамыз.