Көктемгі су тасу уақыты жақындап келеді. Өзендердің мұзы жұмсара бастайды, мұздың бетін күннің көзі мен еріген су жеп жатса, астынан ағын су жұқарта түседі. Оның үстінен жүру өте қауіпті: кез келген сәтте аяқ астындағы мұз ойылып кетуі және үстіңнен жабылып қалуы мүмкін.

Есіңе сақта:

  • Көктемгі мұзда суға батып кету өте оңай.
  • Жағалаудың мұзы бірінші және тез бұзылады.
  • Қар жамылған көктемгі мұз тез жұмсақ массаға айналады.

Балалар!

  • Көктемгі су тасу кезінде мұздың үстіне шықпаңдар.
  • Тіке жарлар мен жарқабақтардың үстінде тұрмаңдар – олар опырылып кетуі мүмкін.
  • Мұздың жүруін көпірдің үстінен, айлақтың жағалауынан қарап тұрғанда сүйеніштер мен басқа да қоршаудан асыла еңкейіп тұруға болмайды.
  • Егер сендер өзендегі немесе көлдегі бақытсыз жағдайдың куәсі болсаңдар, қорықпаңдар, үйге қашпаңдар, қатты айқайлап көмекке шақырыңдар, үлкендер естиді де, көмекке келеді.
  • Байқап жүріңдер!
  • Өз өмірлеріңе қауіп төндірмеңдер!

 

Көктемгі су тасу және мұз жүру кезінде

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

  • су қоймаларының үстіне шығуға;
  • мұз жүру кезінде өзеннің үстімен екінші жағаға шығуға;
  • өзеннің мұз жиналып қалған жеріне жақындауға;
  • су шайып кетуі немесе опырылып кетуі мүмкін жарқабақта тұруға;
  • шағын көпірлердің, бөгеттер мен тоғандардың үстіне жиналуға;
  • мұз жиналған жерлерге жақындауға, мұздарды жағадан итеруге;
  • өзеннің немесе кез келген су қоймасының тереңдігін өлшеуге;
  • мұздың үстімен жүруге немесе сырғанауға.

АБАЙ БОЛЫҢДАР ЖӘНЕ БАЙҚАП ЖҮРІҢДЕР!

МҰЗ КӨКТЕМДЕ ҚАУІПТІ!