2021 жылдың 28 қазанында Музыка мектебінің камералық залында санитарлық нормаларды сақтай отырып дәстүрлі нысанда Халық музыкасы фестивалі өтті. Оған Орыс халық аспаптары бөлімінің төменгі сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты  этносаралық түсіністікті  тәрбиелеу, музыкалық ой-өрісін кеңейту, музыкалық фольклорды халық мәдениетінің көрінісі ретінде қабылдау мен түсінуді қалыптастыру болды. Бағдарламада әлем халықтарының (қазақ, испан, неміс, корей, украин, ирланд, болгар, орыс және т.б.) әуендері шырқалды.