БӘРІҢЕ! БӘРІҢЕ! БӘРІҢЕ!
Дүниежүзілік адам құқықтары күнін мерекелеу қарсаңында 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі 10-22 жас аралығындағы оқушылар мен студенттерді «Адам құқықтары –Менің құқықтарым» онлайн флэшмобына қатысуға шақырады.
Онлайн флэшмобтың барлық қатысушылары 10 желтоқсанда Дүниежүзілік адам құқықтары күніне арналған онлайн конференцияға шақырылатын болады.
ФЛЭШМОБ ПЕН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?
- Ұзақтығы 30 секундқа дейін ғана болатын қысқа ролик түсіріңіз немесе өз парағыңызға хабарлама жазыңыз және адам құқығын білу неге маңызды екенін айтыңыз.
Роликте / хабарламада қатысушылардан өз пікірлерімен бөлісуді және төмендегі екі сұрақтың біріне жауап беруді сұраймыз:
1) МАҒАН адам құқығы не үшін керек? Адам құқықтары декларациясынан құқықтың бір мысалын келтіріңіз.
2) Неліктен адам құқығын БІЛУ керек?
- Бейнероликте немесе мәтінде қатысушылар 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясындағы нақты құқыққа сілтеме жасауы тиіс.
- Роликті смартфонға түсіруге болады, бірақ кадр тек қана көлденең орналасуы тиіс.
- Хабарламаның немесе роликтің астында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ФБ немесе Instagram-дағы аккаунтын белгілеу керек (https://www.facebook.com/OmbudspersonKazakhstan және https://www.instagram.com/ombudsperson_kz/ ) және #МоиПрава2021 #МеніңҚұқықтарым2021 хэштегі
- Конференцияға қатысу үшін 2021 жылдың 5 желтоқсанына дейін бейнероликтер мен хабарламаларды жазу және орналастыру маңызды. Бұл барлық қатысушылардың шақыруды уақытында алуы үшін қажет. Қатысушы балалардың әлеуметтік желілерде аккаунты болмаса, олардың ата-аналары немесе мұғалімдері/тәрбиешілері роликтерді орналастыра алады.
Онлайн флэшмобқа қатысқан барлық қатысушылар 10 желтоқсанда адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Парламент депутаттарының, халықаралық ұйымдардың, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитеті өкілдерінің, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сарапшылық кеңес мүшелерінің, құқық қорғаушылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтетін онлайн конференцияға шақырылады. Конференция қонақтары өздерінің адам құқықтарын қорғау және ілгерілету тәжірибесі туралы әңгімелейді.
Флэшмобқа қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, Қазақстанда адам құқықтарын қорғау бойынша практикалық кеңестер ала алады.
Флэшмоб пен онлайн конференцияның барлық қатысушыларына Дүниежүзілік адам құқықтары күнін мерекелеуге қатысқандары туралы сертификаттар беріледі.