Жаңалықтар

2019 жылдың 31 мамырында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «Қазақтелеком» АҚ және бейүкіметтік ұйымдардың қолдау көрсетуімен Нұр-Сұлтан қ. «Дети – Омбудсману» бейнеконференциясы өтті. 

4 мамырда БММ концерт залында Орыс халық аспаптары оркестрінің концерті өтті. Бөлімнің оқу жылы ішіндегі ең жарқын және есте қаларлық жетістіктері БММ концерт залының сахнасынан кешке келгендерге көрсетілді. 

4 мамырда жоғары деңгейде «Перезвон» фольклорлық ансамблінің концерті өтті (жетекшісі  Людмила Алексеевна Мильто, концертмейстері Сергей Борисович Кобызев).

3 мамырда "Маленький Моцарт" (Санкт-Петербург қ.), "Мелодии малахитовой шкатулки" (Челябі қ.), "Урал собирает друзей" (Магнитогорск қ.) халықаралық байқауларының лауреаты, республикалық "Жас музыканттар" байқауының Гран-при иегері Глеб Николенконың жеке концерті өтті.

16 мамырда 8 сынып оқушысы Карина Самылтырованың (оқытушы Ильзира Салаватовна Стаканованың сыныбы) жеке концерті өтті.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруін өткізіп, оған біздің мектептің тәрбиеленушілері де қатысты.  

20 мамырда №1 БММ есеп беру концерттерін фортепиано бөлімінің оқушылары мен оқытушылары жалғастырды. Сахнаға көтерілген түрлі сыныптың оқушылары концертті көруге келгендерге өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетті.