Еліміздің түрлі қалаларынан келген қосымша білім беру ұйымдары директорларының бастамашыл тобы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бейнеконцерт қою туралы ұсыныс жасады.

     Бұл іс-шараның негізгі мақсаты республиканың шығармашылық балаларын бірлесіп құттықтау ғана емес, сондай-ақ әр өңірді жырға қосу, отаншылдыққа тәрбиелеу, еліміздің қосымша білім беру ұйымдарының көп қырлы жұмысын көрсету және т. б. болды.

     Біздің облысымыздан Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 балалар музыка мектебі» КМҚК қатысу ұсынылды.

    Бейнероликтің музыкалық сүйемелдеуіне «Посвящение Костанаю» әні алыны, оның өзіндік себебі бар, өйткені әннің авторы біздің бұрынғы оқушымыз, қазіргі П.И. Чайковский ат. Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыка мектебінің шәкірті, «Халық сүйіктісі» республикалық балалар сыйлығының жеңімпазы, екі номинация: «скрипка» және «композиция» бойынша республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаты Глеб Николенко болып табылады. Әннің сөзін жазған белгілі қостанайлық ақын Александра Суслова.

  Бұл туынды музыка авторының жастығына (10 жас) қарамастан, Қостанайдың 140 жылдығына арналған облыстық композиторлар байқауында III дәрежелі лауреат атанды.

   Сіздерге бейнеконцертті көруді, Қазақстанның талантты балаларымен танысуды және олардың қуанышымен бөлісуді ұсынамыз (біздің видео 13.15 минутта басталады).