29 наурызда БММ концерт залында аттестаттаудың жаңа ережесі бойынша педагогтарға арналған семинар өтті. Директордың ОЖ жөніндегі орынбасары оқытушыларға аттестаттаудан өту рәсіміндегі өзгерістер туралы түсінік беріп, оның мерзімі мен оған қажетті құжаттар туралы айтып берді. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара мектеп педагогтары үшін ақпараты мол, пайдалы болды. Семинар оқытушылардың кәсіби құзыреттілігі мен біліктілік санаттарын арттыруға ықпал етеді, таяу жылдары аттестаттаудың барлық кезеңдерінен табысты өтуге көмектеседі деп күтілуде.