19 сәуірде «Мирас»  мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы халқының халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына арналған көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқау көркемөнерпаздар халық шығармашылығының «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық байқау-фестивалінің аясында өткізілді.

Іс-шараға музыка мектебінің ұжымдары: Қазақ халық аспаптары ансамблі (жет. Амирова Г.С.), Орыс халық аспаптары оркестрі (жет. Вильянова Н.С.), Скрипкашылар ансамблі (жет. Тулупова Е. П., конц. Рачинская С.И.), сондай-ақ оқушылар Канапин Дархан және Кобжалел Жанали қатысты.