Қазақстандағы балалар жылын мерекелеу аясында 28 сәуірде музыка мектебінің концерт залында оқытушы Татьяна Владимировна Егорова сыныбы оқушыларының есеп беру концерті өтті.

 

Түрлі стильдегі шығармаларды: халық музыкасын, классиканы, заманауи ырғақтарды мәнерлеп орындай отырып жас музыканттар «Орыс домрасы – дыбысы құлаққа жағымды, жүректі тербеп, жаныңды жұбататын аспап. Өкінішке орай, қазіргі балалар арасында аса танымал емес. Бұл дұрыс емес!»,- деген ойды тыңдаушыларға жеткізуге тырысты. Олардың әр орындауына сүйсіне қол соққан жиналған жұрт олардың ойымен толықтай келіскендей болды.