26 тамызда №1 Балалар музыка мектебінде Конституция күніне арналған концерт өтті.

Концерттік бағдарламада жүргізушілер еліміздің басты заңы, оның барлық қазақстандықтар үшін маңыздылығы туралы айтып беріп, республика азаматтарының негізгі құқықтары мен міндеттерін атап өтті. Шара барысында Құрманғазының, Дәулеткерейдің күйлері, классикалық музыкалар, қазіргі кездегі қазақстандық композиторлардың шығармалары орындалды.

Жас әртістер залға жиналған барлық көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Концертке тек мектеп оқушылары ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырып жатқан оның түлектері де қатысты.