27 қыркүйекте БММ концерт залында екі жылдық үзілістен кейін мектеп педагогтарының Халықаралық музыка күніне, Мұғалімдер күніне және Қарттар күніне арналған оффлайн концерті өтті. Оқушылар мен олардың ата-аналарына өздерінің тәлімгерлерін орындаушы ретінде көрудің сирек кездесетін мүмкіндігі туды.

Мектеп директоры Г. Кучикова концертке келгендерді салтанатты түрде құттықтап, еңбек ардагерлеріне Алғыс хаттар табыстады.

Педагогтар әртүрлі бағдарлама дайындады: олар жекелей және ансамбльдердің әртүрлі құрамдарында өнер көрсетті. Фортепианомен және «минус» фонограммасымен сүйемелденген классика халық әуендерімен және заманауи ырғақтармен  керемет үйлесім тапты. Вокалдық композициялар аспаптық композициялармен алмастырылды. Кешке келгендердің назарына ұсынылған барлық шығармалар өзіндік өзгешелігімен және өзіндік орындауымен ерекшеленді. Әрбір келесі орындау алдыңғысынан асып түсіп жатты, әдемі әуен тыңдаушысын баурап алды және қиялына қанат бітірді.

Нәтижесінде барлығы: балалар да, ата-аналар да, басты кейіпкерлер – педагогтар да концертке риза болысты.