11 қазанда №2 корпуста бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Баламыз музыка мектебіне түсті» атты дәстүрлі ата-аналар жиналысы-семинар өтті. Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары А. К. Дюсенова оқытудың ұйымдастырушылық сәттеріне: сабаққа қатысу тәртібіне, музыкалық мектептегі мінез-құлық ережелеріне, оқу ақысын төлеу талаптарына және т. б. егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

Фортепиано бөлімінің меңгерушісі В. А. Варюхина әріптестері туралы, жұмыс жоспары, бөлімдер мен мектепте өтетін іс-шаралар туралы айтып берді.

Педагогтар А. К. Бақтығалиева, М. А. Абдуллина, М. В. Сложеникина ата-аналарды музыкалық мектепте оқытудың ерекшеліктерімен таныстырды, әр пән бойынша талаптарды түсіндірді, оқытудың бастапқы кезеңінде балалардың алдында тұрған мәселелерді шешуді ұсынды. Баяндамаларды сүйемелдеген экрандағы таныстырылымдар педагогтардың сөйлеген сөздерін толықтыра және тартымды ете түсті.

Жиналыс-семинар соңында ата-аналар өз сұрақтарын қойды және оларға толық жауап алды.