21 қазанда Балалар музыка мектебінің кіші залында фортепиано бөлімінің екінші және үшінші сынып оқушыларының Республика күніне арналған концерті өтті. Білім алып жатқандарына көп уақыт өтпегеніне қарамастан, жас пианиношылар жаңа композицияларды үйреніп үлгерді. Олар мерекелік ахуал қалыптастырып, тыңдаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлай білді. Мектеп директоры Г.Б.Кучикова, жүргізуші – фортепиано бөлімінің меңгерушісі М.Г.Романова жиналғандарды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.