6 қазанда Балалар музыкалық мектебінің камералық залында оқытушылар М.Г.Романова мен О.Г.Судакова оқушыларының Қарттар күніне арналған көрме-концерті болып өтті. Концертте қостанайлық суретші Екатерина Севицкаяның суреттері көрмеге қойылды.
Ең мейірімді көрермендер: ата-аналар, сондай-ақ кештің басты кейіпкерлері – тәрбиеленушілердің әжелері мен аталары әрбір жас орындаушыны қуана қарсы алды. Концерттің бағдарламасы стильдер мен жанрлардың әр алуандығымен таңдандырды. Оқушылар әртүрлі практикалық дағдыларды: жеке орындаушыларды, фортепиано ансамбльдеріне қатысушыларды, камералық ансамбльдердің концертмейстерлері мен вокалшыларын көрсетті, кейбіреулері әндерін өздері сүйемелдеді. Шараның ең әсерлі сәттерінің бірі Дарья Лапуховичтің отбасылық триосының өнер көрсетуі болды. Концерт Марина Романова мен Ольга Судакова шәкірттерінен құрылған фортепиано дуэтінің А.Петровтың танымал кинофильмдердегі саздарынан попурри орындауымен аяқталды.
Оқытушы М.Г.Романова дайындаған концерттің сценарийі шараның отбасылық жанға жайлы ахуалда өтуіне ықпал етті. Арнау өлеңдер оқылды, әзіл тілектер айтылды, көңілді байқаулар өткізілді.
О.Судакованың жазылмайтын ауруға шалдыққанына қарамастан жігері жасымай, шығармашылықпен айналысып жүрген, өзінің жан дүниесін сурет арқылы жұртқа көрсетіп келе жатқан суретші Екатерина Севицкая жайындағы әңгімесі концертке жиналғандардың жүрегін тебірентті.
Шығармашылық есеп барлық қатысушылардың көңілінен шығып, мерекелік көңіл күй сыйлады және бұл шара оқушылардың музыкалық аспапқа деген құштарлығын, оларды көбірек ойнауға деген ынтасын арттыра түсті деп үміттенеміз.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/173-arttar-k-nine-arnal-an-k-rme-kontserti.html#sigFreeId84893cc0b9