2022 ж. 29 қазанында, сенбі күні фортепиано бөлімінде 2-3 сынып оқушыларының этюдті үздік орындауға арналған байқауының бірінші кезеңі өтті.
Жас пианиношылар жабық перде жағдайында, жеребе бойынша алынған нөмірмен өнер көрсетті. Балалар Берковичтің этюдтерін орындады.
Байқауға 24 тәрбиеленуші қатысты. Жеңімпаздар қатарында С. И. Рачинская, Л. А. Тытюкова, В. А. Варюхина, Л. А. Летуновская, С. Д. Ардабьева, Г. В. Круковскаяның оқушылары да болды.
Залда отырған ата-аналар байқауға қатысушылардың ойынын қызығушылықпен және толқумен тыңдап, әр қатысушыны дүрілдете қол соға қарсы алып, қолдау көрсетіп отырды.
View the embedded image gallery online at:
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1743-etyudti-zdik-oryndau-a-arnal-an-baj-au.html#sigFreeId6b662d8782
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1743-etyudti-zdik-oryndau-a-arnal-an-baj-au.html#sigFreeId6b662d8782