2022 жылғы 3 қарашада өткен музыка мектебінің педагогикалық кеңесінде директор Г.Б. Кучикова сөз алды. Ол қатысушыларды «Қолайлы мектеп» республикалық жобасының негізгі бағыттарымен таныстырды және оны іске асырудың Қостанай облысындағы ерекшеліктері туралы айтып берді.

Аталған жоба оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешіп, жас қазақстандықтарды білім алу үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз ететіні атап өтілді. Жоба аясында салынған мектептер барлық жағынан МЖБС сәйкес келетін болады, ең заманауи жабдықтармен, пәндік кабинеттермен және зертханалармен жабдықталмақ, бастауыш сынып оқушылары мен 5-11 сынып оқушыларына арналған өз асханалары, жуынатын бөлмелері, спорт залдары бар бөлек блоктармен қамтамасыз етілмек.  2025 жылға дейін барлығы 500 мектеп салу және кемінде 840 мың балаға арналған оқушы орнын ашу жоспарлануда.