13 қарашада І корпуста 1-ші сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: ата-аналарға оқу үдерісінің ұйымдастырылуы туралы айтып беру және балалардың үй жұмыстарымен айналысуы үшін қажетті және оңтайлы жағдай жасау бойынша ұсыныстар беру.

Жиналыста мектеп директоры Г. Кучикова және бөлім меңгерушілері мен мектеп оқытушылары: О. Г. Судакова, Т. В. Егорова, Г. С. Амирова және т. б. сөз алды. Олар музыка мектебіндегі оқудың ерекшеліктеріне тоқталып өтіп, баланың мектепке бейімделу барысындағы қиындықтарымен таныстырды және осы тақырып бойынша ұсыныстар берді, баланың үй тапсырмасын орындауы және оның жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша практикалық кеңестер мен ұсыныстар берді, балаларды оқыту үдерісіне белсенді қатысуға шақырды.