Музыка мектебінің 2-ші корпусының оқушылары I жартыжылдықтың академиялық концерттерін тапсыруға дайындалуда. Жас музыканттар өздерінің тәлімгерлерімен бірге дайындаған бағдарламаны ұсынып, оқу жылының осы кезеңінде қол жеткізген дағдыларын көрсететін болады.
Әрине, жас пианиношылар, оркестрде және халық аспаптарында ойнаушылардың бәрі бірдей барлығын игеріп кетті деуге болмайды. Алайда олардың үлгі алар керемет тұлғалары бар.
Оқытушы В. А. Варюхинаның шәкірті Танкеев Батыржан қазір Астана қаласындағы Шабыт қазақ ұлттық өнер университетінің жанындағы музыка колледжінде оқиды. Жақында ол беделді «Astana Piano Passion» байқауына қатысты. Байқау қазақстандық жас таланттарды анықтау және фортепиано өнері саласындағы жас музыканттардың шығармашылық өсуіне жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды.
Байқауға 112 бала қатысты, оның 75-і жартылай финалға өтті.
Құрамына қазақстандық өнердің танымал шеберлері мен Халықаралық пианиношылар байқауларының лауреаттары енген беделді қазылар алқасының шешімі бір жерден шықты: Танкеев Батыржан I орын алып, 2 миллион теңге жүлдеге ие болды.
Әріптестері мен оқушылары Вера Алексеевнаны шын жүректен құттықтайды және одан әрі шығармашылық жеңістер мен талантты тәрбиеленушілерінің көп болуын тілейді!
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1756-tty-tajmyz-14.html#sigFreeIdd3d0e8f4a2