Өткен аптаның ауа райы оқушылар мен олардың ата-аналарының жоспарларына өзгеріс енгізіп, сабақты қашықтан өткізуге мәжбүр етті.

Музыка мектебінің оқушылары үшін сабақты қашықтан өткізу мейлінше қолайсыз болып табылады, сондықтан педагогтар ата-аналары мектепке алып келуге мүмкіндік тапқан балалармен күндізгі нысанда сабақ өткізді.

Күннің суытып кетуіне байланысты мұғалімдер аяз күшейіп кеткен кездегі қауіпсіздік шаралары жайында ата-аналармен әңгіме өткізді. Мұндай жағдайдағы ең басты талап балаларды үлкендердің алып келуі және алып кетуі болып табылады. Сабақ аяқталғаннан кейін мұғалімдер оқушыларды тек ата-аналары немесе туыс үлкен адамдары болған жағдайда ғана үйлеріне жібереді.  Баланың үйге кіммен қайтатыны нақты анықталуы тиіс. Егер әңгіме жоғары сынып оқушылары жайында болатын болса, онда міндетті түрде ата-аналармен телефон байланысы болуы тиіс. Балалардың күнделікті жолынан бұрыс кетпеуі қатаң ескертілуі керек. Техникалық қызметкерлер аязды ауа райында балалардың қолғап киіп, мойындарына шалма тағуларын қадағалайды.