22 желтоқсанда қалалық Балалар шығармашылығы мектебінде Қостанай қ. әкімі М. Жүндібаевтың қатысуымен қалалық «Көшбасшылар шыршасы» өтті. Бізді биылғы жылы республикалық және халықаралық зияткерлік, шығармашылық және спорттық жарыстарда ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген облыс орталығының 100 қатысушысының арасында музыка мектебінің екі оқушысының – Талғат Латыпов пен Айым Молдағалиеваның да ерекшеленгені ерекше қуантты. Бұл балалар республикалық және халықаралық орындаушылық байқаулардың лауреаттары, шығармашылық ұжымдардың белсенді қатысушылары болып табылады. Оларға ерекше құрмет көрсетілді – облыс орталығының әкімі алдында сөз сөйлеу мүмкіндігі берілді. Мектеп тәрбиеленушілері М.Жүндібаевқа мемлекеттің таланттарды дамыту үшін жасап отырған керемет жағдайлары үшін лайықты алғыс айтып қана қоймай, сонымен қатар өздерінің орындаушылық шеберліктерін де көрсетті.

Сондай-ақ іс-шара басталар алдында 2022 жылғы қала көшбасшыларын музыкалық мектептің екі шығармашылық ұжымының: «Violin Dostar» скрипкашылар ансамблінің (жетек. Е. Тулупова) және Флейташылар ансамблінің (жетек. Е. Конев) қарсы алғаны қуантады. Жас музыканттар мерекенің керемет ахуалын, жаңа жылдық көңіл мен әсерді әдемі жеткізе білді. Толығырақ Георгий Говоровтың  «Взрослые награждали, дети благодарили - Как прошла "Ёлка лидеров" в Костанае» репортажынан білуге болады.

Дереккөз: https://www.ng.kz/modules/news/article.php?storyid=47572