25 желтоқсанда «Жастар сарайында» ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан жаңа жылдық шырша өтті. Мерекеге аз қамтылған және көп балалы отбасылардан 7 жастан 12 жасқа дейінгі 200 бала, жетім балалар, сондай-ақ дарынды балалар – облыстың барлық өңірлерінен ең белсенді оқушылар, олимпиадалардың, облыстық және республикалық жарыстардың жүлдегерлері шақырылды. Қатысушыларды жаңа жылдық қойылым, ойындар, сондай-ақ бағалы сыйлықтар күтіп тұрды. Би, цирк және ән топтары көрермендердің бойын қыздырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Зал балалардың таң қалған және шаттыққа толы айғай-шуынан жарылып кете жаздады. Мерекелік көңіл күйді қалыптастыруға музыка мектебінің тәрбиеленушілері де қатысқаны көңілге қуаныш ұялатады. Саксофоншылар ансамблі мен жас баяншылар жоғары орындаушылық деңгейін көрсетіп, желтоқсанның қалған күндеріне жаңа жылға деген сенім мен сергектік сыйлады.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1804-r-prezidenti-to-aevty-shyrshasy.html#sigFreeId28b0bc2962