Көктайғақ: Балаларға арналған қауіпсіздік ережелері
Мұз – өте қауіпті табиғи құбылыс. Одан жыл сайын көптеген балалар жарақат алып жатады. Бұл олардың тайғанақ жерде қалай әрекет ету керектігін білмегендігінен болады.
Біз көктайғақ кезіндегі іс-қимыл ережелері туралы айтып береміз. Оларды балаға жеткізу керек. Және оның бұл ескертулерді есте сақтауына қол жеткізу керек.
Көктайғақ деген не?
Көктайғақ – мұздың қалың, жылтырақ беті. Ол көшенің кез келген бөлігінде – жолда да, тротуарда да пайда болуы мүмкін.
Көктайғақтың ерекшелігі – көктайғақ кезінде көшенің беті өте тайғақ болады. Егер оның бетімен дұрыс қозғалмаса, жерге құлап түсу және ауыр жарақат алу қаупі артады.
Мұз – барлық жерде пайда болатын өте қауіпті құбылыс. Ол жол жиегінде, баспалдақта, мектепке кіре берісте және кез келген басқа жерде пайда болады. Сондықтан үйден шыққан кезде бала мүмкіндігінше мұқият болуы керек.
Көктайғақ кезіндегі іс-қимыл ережелері:
Аяғыңыздың астына қарап жүріңіз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егер мұзды «шалшықты» айналып өту мүмкін болмаса, онда шаңғышы сияқты аяғыңызды сүйрете басыңыз және қысқа қадамдармен жүріңіз.
Жолдың жүріс бөлігінде өте мұқият болыңыз: асықпаңыз және жүгіріп өту туралы ойламаңыз да.
Көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз.
Жүрген кезде аяқты тізе тұсында бос ұстап, табанды жерге түгел тигізе отырып жүру керек.
Мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болуы керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз – бұл құлау мүмкіндігін арттырады.
Егер сіз тайып кетсеңіз, құлау биіктігін төмендету үшін отыра қалыңыз. Құлаған кезде жерге жұмсақтау түсу үшін аяқ-қолыңызды жинап, басыңызды бүгіп, домалап түсуге тырысыңыз. Қолыңыздағы заттарды құтқаруға тырыспаңыз.
Көтерілуге асықпаңыз, жарақаттың бар-жоғын тексеріңіз, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраңыз.
Мұз үстіндегі іс-қимыл ережелері:
— тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну кезінде (тұман, қар, жаңбыр жауып тұрған кезде) ешқандай жағдайда мұзға шығуға болмайды;
— мұздың беріктігін аяқпен теуіп тексеруге болмайды. Егер таяқпен немесе шаңғы таяқшасымен бірінші қатты соққыдан кейін су пайда болса, бұл мұздың жұқа екенін білдіреді, оның үстімен жүруге болмайды. Бұл жағдайда дереу өз ізіңмен жағаға қарай кету керек, аяқты мұздан көтермей және салмақты үлкен алаңға бөлу үшін аяқты иықтың тұсына ұстап жылжу керек. Мұз шытырлай бастағанда және оның бетінде жарықтар пайда бола бастаған кезде дәл осылай қимылдау қажет;
Егер адам суға түсіп кетсе, онда:
— үрейге бой алдырмау керек;
— дененің салмағымен одан сайын бұзыла беретіндіктен бүкіл денемен мұздың жұқа жиегіне мінбеу керек;
— басыңыз суға батып кетпеу үшін қолды екі жаққа жайып ұстау керек;
— шынтақты мұзға тіреп тұрып денені көлденең күйге келтіру керек, одан кейін мұздың шетіне жақын аяқты мұздың үстіне шығарып, одан кейін денені айналыру арқылы екінші аяқты шығару қажет және мұздың берік бетіне тез домалап кету керек;
— күрт қимылдар жасамай, қауіпті жерден мүмкіндігінше кері бағытқа еңбектеп кету керек;
— адамдарды көмекке шақыру қажет;
— су бетінде тұрған кезде оған аз күш жұмсауға тырысу керек;
— жүзу кезінде басты мүмкіндігінше судан жоғары ұстау қажет.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1822-k-ktaj-a-balalar-a-arnal-an-auipsizdik-erezheleri.html#sigFreeIdd8d1b71143