Музыка мектебінде 3-ші оқу тоқсанының сабақтары өтуде.
Балалар мамандық бойынша және сольфеджио бойынша сабақтармен айналысады, академиялық концерттерге және әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларға дайындалады, олардың педагогтары алдағы уақыттағы шығармашылық жоспарларды ойластырады.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар екінші корпус мұғалімдерінің жұмысында айтарлықтай орын алады. Домбыра сыныбы бойынша жас педагог М. А. Абдуллина өз сыныбы оқушыларының ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыстың тақырыбы үйдегі дайындықты ұйымдастыру, уақытты тиімді пайдалану және ата-аналардың рөлі, олардың балаларына көрсететін көмегі болды. Мұғалім ата-аналарға музыкалық білім берудің рөлі туралы айтып беріп, сауалнама жүргізді. Ата-аналар сынып жетекшісіне көптеген сұрақтар қойды, оларды балалардың жетістіктері қызықтырды, музыкалық мектептегі сабақтармен қатар, жалпы білім беретін мектептегі сабақтардың да көптігі ортаға салынды. Жиналыс өзара сенімділік және ашық-жарқын жағдайда өтті.
View the embedded image gallery online at:
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1832-muzyka-mektebinde-3-shi-o-u-to-sanyny-saba-tary-tude.html#sigFreeId06eee888fc
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1832-muzyka-mektebinde-3-shi-o-u-to-sanyny-saba-tary-tude.html#sigFreeId06eee888fc