2023 жылы Қазақстанның музыкалық жұртшылығы қазақ халық музыканты, композитор, домбырашы, көптеген күйлердің авторы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығын атап өтеді. Кедей отбасында дүниеге келген алты жастағы бала тамақ табу үшін қой бағуға жалданады. Құрманғазы ауылдарына жиі келетін халық күйшілерін қызыға тыңдады, әсіресе Ұзақ күйшінің жанынан шықпады. Атақты күйші баланың домбыраға деген ерекше ынтасын байқап, оның болашағы жарқын болатынына сенім білдірді. 18 жасында жас жігіт туған ауылынан кетіп, «кезбе» күйшінің өмірін бастайды. Жас жігіт тарихи оқиғалардың куәсі болады, солардың әсерінен «Кішкентай», «Алатау» және т. б. күйлері өмірге келеді. Құрманғазы орыстың озық ойлы мәдениет өкілдерімен – филологтармен, қазақ музыкасы, музыканттары мен халық аспаптары туралы материал жинаған тарихшылармен таныс болды. Орал журналисі Н.Савичев Құрманғазы туралы сирек кездесетін музыкалық адам ретінде жазды. Қиын сәттерде өзіне көмек қолын созған орыс досына күйші «Лаушкен» күйін арнады. Қазіргі ұрпақ музыкантты ешқашан жадынан шығарған емес және әр кез құрметпен еске алады. Музыка мектебінің мұғалімдері музыкалық әдебиет сабақтарында музыканттың шығармашылығы туралы әңгімелейді, оның шығармаларын мамандық сабақтарында үйренеді. Қазақ музыкантының шығармашылық мұрасы оқушыларымыздың түрлі деңгейдегі байқауларда жеңіске жетуіне көмектесіп келеді.