1-ші корпустың фортепиано бөлімінде 2-4 сынып оқушылары арасында этюдтерді үздік орындауға арналған мектеп байқауы өтті. Жас пианиношылар ұсынылған үш нұсқаның бірін ойнады, сондықтан бірдей шығармалар жиі естіліп тұрды. Барынша әділ бағалау үшін пианиношы педагогтардан құралған қазылар алқасы қатысушыларды көрместен, орындаушылардың өнер көрсетуін шымылдырықтың сыртында отырып тыңдады. Соған қарамастан жас пианиношылардың толқуы, мүмкіндігінше көркем және шебер ойнауға деген ұмтылысы сезіліп тұрды. Өнерлерін өз қалауындай көрсетудің сәті түспей жатқан кездердің аз болмағанына қарамастан, көтеріңкі көңіл күй мен байқауға қатысуды жалғастыруға деген ұмтылыс іс-шараның басты нәтижесі болды.