28 ақпанда Қостанай облыстық филармониясының концерт залында камералық хордың концерті өтті. Осы іс-шараның қонағы ретінде музыка мектебі Жоғары сынып оқушыларының хоры қатысты (жетекшісі Өтегенов М. С., Алпысбаева А. Б., конц. Кистаубаева А. Т.). Аталған шара жас музыканттарға белгілі кәсіби ұжымдармен қатар тұрып облысымыздың үздік сахнасында өнер көрсетуге, болашақтағы жетістіктерін болжауға мүмкіндік берді және музыканы жаңа ынтамен және құлшыныспен игеруге тамаша себепші болды. Ұжым түрлі стильдер мен жанрлардағы 4 туынды орындады және марапат ретінде тыңдармандардың зор ризашылығы мен қошеметіне бөленді.
Іс-шара облыс орталығының мәдени өміріндегі елеулі оқиғаға айналды және екі хор ұжымының шығармашылық ынтымақтастығының басталғанын білдірді.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1850-khor-muzykasyny-kontserti-2258.html#sigFreeIdff41a2c914