Алғыс айту күні 2015 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясында бекітілді. Сол сәттен бастап бұл мереке жыл сайын көктемнің бірінші күнінде атап өтіледі.

Бастапқыда бұл мереке 30 - 50 - ші жылдары өз жерінде Қазақстанға жер аударылған түрлі ұлттардың мыңдаған адамдарын қабылдаған, паналатқан және бауырына басқан қазақ халқына деген алғысты білдірді.

Алайда жыл өткен сайын мерекенің мағынасы тереңдей түсуде. Бұл күні игі істер жасап, адамдарға көмектесетіндерге алғыс айтып, ризашылық білдіру әдетке айналып келеді. Бұл мереке өсіп келе жатқан ұрпақтың үлкендерге деген құрмет сезімін тәрбиелейді, этносаралық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді, жақындарына қамқорлық жасауға шақырады.

№1 музыка мектебінде осы күнге арналған дәріс - сабақтар өтті. Теориялық пәндер оқытушысы М. В. Сложеникина балаларға Алғыс айту күнінің құрылу тарихы туралы айтып берді. Жоғары сынып оқушылары ұстаздарын қызығушылықпен тыңдады.