8 наурыз әйелдер мерекесі қарсаңында музыка мектебінде дәстүрлі түрде Жас музыканттар қатарына қабылдауға арналған мерекелер өткізіледі. Кішкентай әртістердің алғашқы көпшілік алдында өнер көрсетуі – бұл ұзақ уақыт есте қалатын және балалардың музыкамен одан әрі айналысуына айтарлықтай әсер ететін қызықты және өте жауапты сәт. Сондықтан бұл концертке үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар өз мұғалімдерінің үмітін ақтады. Олар өз шығармаларын үйлесімді, мәнерлі ойнап шықты.  Шығармалар шағын және қарапайым болғанына қарамастан, орындаушы әртістің орнында болудан алған әсер шынайы әсер болып табылады және бұл әсерлер балалардың да, ең мейірімді тыңдаушылар – ата-аналардың да естерінде ұзақ сақталары сөзсіз.