4 наурызда №1 музыка мектебінің кіші залында фортепиано бөлімінің бірінші сынып оқушыларының концерті өтті. Балалар сахнаға алғаш рет шықты, сондықтан бұл іс-шара оқушылар үшін де, тәрбиешілер үшін де толғанысқа толы болды. Бірінші сынып оқушылары хорда сәтті ән айтып, фортепианода жеке өнер көрсетті, сондай-ақ мұғалімімен бірге ансамбльде ойнады. Зал оқушылардың ата-аналары мен туған-туыстарына толы болды. Орындалған әр шығармаға керемет қошемет көрсетілді. Мультфильмдерден орындалған таныс әуендер концертке ерекше сән берді. Кешті жүргізген фортепиано бөлімінің меңгерушісі Романова Марина Георгиевна балаларды оқушылар қатарына қабылдау рәсімін өткізді. Балалар әзіл-қалжың түрінде күнделікті үйде жаттығу жасауға, сабаққа кешікпеуге және сабақты өткізіп алмауға ант берді. Барлығы іс-шараға риза болып тарасты.