Концерттерге қатысу. Ата-аналарға арналған жаднама

Музыкалық мектеп оқушыларының концерттерде өнер көрсетуі балалардың музыкалық өміріндегі ең жарқын оқиға болып табылатын музыкалық іс-әрекеттің бір түрі болып табылады. Жүйке жасушаларынның шыдамдылығын тексеретін кезекті сынақ, стресс және сан алуан эмоцияның жиынтығы бұл оқиғаның ұзақ уақыт есте сақталуына себепші болады. Концерттердегі, іс-шаралардағы мінез-құлық ережелерін тек музыка мектебінің оқушылары ғана емес, олардың ата-аналары да білуі керек. 

Балалардың концертте өнер көрсетуіне қатысқан кезде ата аналар нені білуі керек?

  • Телефонның дыбысын алдын ала өшіріңіз;
  • Залдың 1-ші қатарына отырмаңыз. Ол оқытушылар мен өнер көрсетушілерге арналған;
  • Егер баланы телефонға түсіріп жатсаңыз, жарқылын өшіріңіз;
  • Концертке көптеген балалар келеді. Балаларды жалғыз қалдырмаңыз. Мұғалімдердің концерттердегі жұмысы өте көп, өз міндеттерін орындаудың орнына мұғалімдер көбінесе бала тәрбиесімен айналысуға мәжбүр болады;
  • Қатаң түрде белгіленген уақытқа келіңіз;
  • Сыныпта тұрмаңыз, егер «дайындалып жатқан» сіздің балаңыз болмаса, бұл өте кедергі келтіреді;
  • Балаларды концерттік киімге уақытында киіндіріңіз. Костюмдегі кейбір ақауларды уақытында байқау үшін бала «концерттік киіммен» дайындалуы керек;
  • Балаларды дәлізде киіндірмеңіз. Ол үшін қашанда арнайы орындар бар, концертті басқарушылардан баланы қайда киіндіруге болатынын сұраңыз;
  • Егер сіздің балаңыз өнер көрсетіп болған болса, бірден залдан кетудің қажеті жоқ. Басқа орындаушыларды құрметтеңіз;
  • Залдан тыс жерлерде тыныштықты сақтаңыз;
  • Өнер көрсету кезінде залдан шықпаңыз / залға кірмеңіз. Бұл тыңдаушыларға кедергі келтіреді және ең бастысы орындаушыны алаңдатады;
  • Жүргізушінің соңғы сөзіне дейін залдан шықпаңыз;
  • Іс-шара кезінде, концерт кезінде жаныңыздағы көршіңізбен сөйлеспеңіз және не болып жатқанын талқыламаңыз;
  • Музыканттарға қол соғып қошемет көрсетіңіз және белсенді қолдап отырыңыз.
  • Құрметті ата-аналар, сыпайы және әдепті болыңыздар. Балаларыңызға дұрыс үлгі көрсетіңіздер!