Байқауларға стрессіз қалай қатысуға болады

Байқауда өнер көрсету – бұл белгілі бір білім мен дағдыларды игеруді қажет ететін күрделі іс-әрекеттің бірі. Өнер көрсетер алдында психологиялық тұрғыдан қалай дайындалу керек және тыңдаушыға қабілетіңді толық көрсету үшін не істеу керек, сахнада жетістікке жету үшін қандай амалдарды қолдануға болады?

Байқауда өнер көрсетуге дайындық кезінде келесілер сақталуы керек:

  1. Физикалық тұрғыдан да, эмоциялық тұрғыдан да шаршауға жол бермеу керек;
  2. Күн тәртібін ұстану қажет;
  3. Өнер көрсету қарсаңында жақсы демалып, ұйқыны қандырып алу қажет, алдағы қойылымға дайындалу керек;
  4. «Мен концертті асыға күтемін. Мен қолымнан келетінді көрсете аламын. Мен жетістікке жетемін» дегенді үнемі қайталап жүру керек;
  5. Үйде орындалатын сабақтар концерттік қойылымға ұқсас болуы керек. Бұл «қиялдағы аудитория» әдісімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Тікелей өнер көрсетер алдында келесілерді есте сақтаңыз:

  1. Залды қарап шығыңыз, сахнада (немесе байқау өтетін жерде) аспапта жаттығу жасау мүмкіндігінің бар-жоғын бақылаңыз;
  2. Сахнаға шығар (өнер көрсетер) алдында мағынасыз әңгімелер айтудан аулақ болу керек;
  3. Ыңғайлы отырып, өз кезегіңізді күтуге болатын тыныш орын тауып алыңыз;
  4. Сахнаға шығардан 10-15 минут бұрын тәтті, сұйықтау шай ішіңіз. Глюкоза стресс кезінде асқазанның құрысуға бейім бұлшық еттерін босаңсытады;
  5. Шығарманы ойнауды бастамас бұрын, ішіңізден ойша әннің алғашқы шумағын айтып шығыңыз немесе шығарманың басын ойнап шығыңыз;
  6. Сол жақ, содан кейін оң білегіңізді жылу пайда болғанша айналдыра ысқылаңыз, содан кейін екі қастың астына бір уақытта жартылай шеңберлі қозғалыспен массаж жасаңыз (жылу пайда болғанға дейін), осындай қимылды мұрынның екі жағына да жасаңыз, бұдан кейін сырғалықты уқалаңыз, содан кейін жылу пайда болғанға дейін құлақты толық ысқылаңыз;
  7. Өнер көрсетпес бұрын (сахнаға шықпас бұрын) тыныс алу жаттығуларын жасаңыз: мұрын арқылы баяу, терең тыныс алыңыз, тыныс алуды сәл кідіртіп, демді ауыз арқылы ақырын шығарыңыз, демалыңыз және циклды қайталаңыз. Циклдар арасындағы үзілісті әр кез сайын ұзартып отыру керек.Сізге музыкалық жеңістер тілейміз!