2023 жыл Қостанай қ. музыка мектебінің ұжымына көл-көсір қуаныш әкелді. Көптеген жылдар күттіріп барып алғаш рет музыкалық аспаптарды сатып алуға бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Жас музыканттардың аспаптар қоры баяндармен, аккордеонмен, синтезатормен және клавиновамен толықты. Жетіген мен домбыра, қобыз бен даңғыра, саксофондар мен барабан жиынтығы оқушылар мен педагогтарды шаттыққа бөледі! Жақын арада флейта мен виолончель де келіп жетпек.
Сапасы тамаша жаңа құралдар орындаушылық деңгейді көтеруге және байқауларда жеңіске жетуге жетелері сөзсіз. Қостанай облысының білім басқармасына зор ризашылығымызды білдіреміз. Егер бұл бастама жақсы дәстүрге айналса, тіпті жақсы болар еді.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1883-aspaptar-ory-toly-ty.html#sigFreeIddbb23fc5bd