Бүгін облыстық «Qostanaı» телерадиокомпаниясының «Халық мұрасы» бағдарламасының түсірілімі өтті. Бағдарламаның кейіпкерлері республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, Қазақ халық аспаптары бөлімінің жан-жақты дарынды және жұрттың бәрімен тіл табыса білетін оқушылары және олардың тәлімгерлері Әмірова Гүлхауан Сейілханқызы мен Молдахметова Назгүл Молдабекқызы болды. Олар өздерінің аспаптары, оқудағы жетістіктері туралы айтып беріп, журналистің сұрақтарына жауап берді және орындаушы ретінде өз өнерлерін көрсетті. 

Бағдарламаны 29 сәуір сенбі күні сағат 17.00-де «Qostanaı» арнасының эфирінен көруге болады. 

 Біздің таланттарымызды көпшілік болып қарау арқылы қолдау көрсетіңіздер.

Бәріңіздің көңілдеріңізден шығатын болады!!!