«Ақ көгершін» фестиваль-байқауы балалар үшін жыл сайынғы жарқын және есте қаларлық оқиға, сондай-ақ жас таланттарға өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, қызығушылықтары бойынша көптеген достар табуға мүмкіндік беретін орын болып табылады. Көптеген жылдар ішінде фестиваль жүздеген жас таланттарға жаңа өмірге бағыт беретін алаңға айналды.

Өткен мереке күндері Астана «Ақ көгершін» XVI халықаралық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауының қатысушыларын қарсы алды. Бұл жолғы сапар қостанайлық жас музыканттар үшін сәтті болды.  Оқытушы Оразалина Жанар Қадыржанқызының шәкірттері облыстың намысын абыроймен қорғады: Қабжәлел Жанәлі бас жүлде – Гран-при иегері атанды, ал Мұхамбет Мариям 1-ші орынды иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және табыстарға жете берулерін тілейміз!