Сәуір мен мамыр – музыка мектебінің оқушылары мен олардың тәрбиешілері үшін қызу да қауырт шақ. Жас музыканттардың не үйренгенін көрсететін, оқушылар мен педагогтардың бірлескен жұмысының нәтижелерін жария ететін уақыт келді. Әр музыкалық нөмірдің артында бірнеше сағаттық жаттығулар, концерт залында өткен дайындықтар жатыр. Өз аспабына деген сүйіспеншілік, мұғалімнің, оқушының және ата-ананың өзара әрекеттестігі жарқын, жаныңды толқытар сәтке – концертте өнер көрсетуге алып келеді.
29 сәуірде 2-ші корпуста кіші сыныптардың хор ұжымдарының концерті өтті. 1-ші сынып оқушыларының хорлары (жетек. Алпысбаева А. Б.) 2-ші және 3-ші сынып оқушылары (жетек. Щипакина О. Г.), хор бөлімінің вокалдық тобы (оқыт. Лозицкая В. Г.) өнер көрсетті. Балалар репертуарының классикалық және заманауи туындылары, қазақстандық авторлардың шығармалары орындалды.
Концертті жоғары сынып оқушылары Ж. Козка және А. Бексұлтанова жүргізді.
Концерт залына жиналған жас орындаушылардың ата-аналары мен көптеген достары әрбір өнер көрсетушіні дүрілдете қол соғумен қарсы алып, қолдау көрсетіп отырды.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1899-kishi-synyptardy-khor-zhymdaryny-kontserti.html#sigFreeId65114a1a97