Ауа-райының салқындығына қарамастан, өткен демалыс күндері Қостанай қ. жас музыканттары үшін қауырт және қызу өткен күн болды. Жергілікті музыка мектебінің Халық аспаптары бөлімінің оқушылары астананы бағындыруға аттанды және оларға бұл міндетті орындауды бірінші әрекеттен-ақ жүзеге асырудың сәті түсті. Бейбітшілік және келісім сарайында өткен алғашқы халықаралық «Жас талант» байқауы 4 жастан 25 жасқа дейінгі ең дарынды қазақстандықтарды қарсы алды. Жарыс 8 номинация бойынша өткізілді. Олардың екеуінде қостанайлықтар жеңіске жетті.

Шығармашылық ұжымдары арасындағы бас жүлде Супер Гран-при мен ақшалай сыйлықты Қазақ халық аспаптары ансамблі жеңіп алды (жетек. Әмірова Г. С., конц. Молдахметова Н.М.). Жеке орындау номинациясы бойынша Супер Гран-при мен ақшалай сыйлықты жас домбырашы Қанапин Дархан алды. Екінші орынға қобызшы Айым Молдағалиева ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!