Баян мен аккордеонның шеберлері елордада өткен шығармашылық кездесуге жиналды. Бәсекелестік өте жоғары болды: мамандандырылған музыкалық мектептердің оқушыларымен қатар жеті жылдық мектептің тәрбиеленушілері еш жеңілдіксіз сайысқа түсті. Қатаң қазылар алқасы ҚР еңбек сіңірген әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Дамир Сұлтанов төрағалық еткен Қазақстанның белгілі музыканттарынан тұрды. 

Біздің музыка мектебімізді халық аспаптары бөлімінің оқушылары Бурда Матвей мен Кехтер Эдгард лайықты көрсете білді. Олар Қостанай музыка мектебінің жоғары оқу деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете алды. Матвей байқаудың дипломанты, ал Эдгард бірінші дәрежелі лауреаты атанды.

Лауреаттарды құттықтаймыз!