«Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында 22 мамырда БММ концерт залында «Туған өлкем» фестивалі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты оқушылардың бойында қазақстандық отаншылдықты, ұлттық бірегейлікті, әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру, көп ұлтты мемлекет жағдайында білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу болды.

Қазақ халық аспаптары бөлімінің оқушылары халық музыкасы мен ұлттық аспаптардың көмегімен оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге, Қазақстан халқының тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге, қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға, оны одан әрі байытуға, қазақ халқының мәдени дәстүрлерінің сабақтастығын сақтауға ықпал етті. Балалар музыкада ойнаудың әртүрлі нұсқаларын көрсетті: домбырада, жетіген мен қобызда жекелей өнер көрсетті, концертмейстермен дуэт құрады, Қазақ халық аспаптары ансамблінің құрамында ойнады, вокалдық нөмірлер және т.б. ұсынды. Қатысушылар мен музыканың әртүрлітігі фестивальдің сәнін келтірді.

Оқушылардың көлемді де күрделі концерті халық шығармашылығын насихаттауға, қол жеткізілген нәтижелер туралы есеп беруге, одан әрі білім алуға және музыкалық аспаптарды игеруге ынталандыруға ықпал еткен жақсы шығармашылық алаңға айналды. Жас әртістер өздерінің композицияларын орындаудан және ризашылық білдірген көрермендердің қошеметінен жақсы қолдау мен ләззат алды.