Жас музыканттар үшін Балаларды қорғау күні мерекесі ерекше әсерлі және шығармашылыққа толы  болды. БММ оқушылары қостанайлықтар мен қала қонақтарын жазғы концерт алаңдарында аталған мерекемен құттықтады. Саксофоншылар, флейташылар, хор ұжымы, «Перезвон» фольклорлық ансамблі мерекеге жиналғандарды өз өнерлерімен қуантты және көрермендердің қошеметіне бөленді.

Басқа концерт алаңында Домбыра ансамблі алаңға жиналғандарға өзінің орындаушылық өнерін көрсетті. Тәрбиеленушілердің шебер және үйлесімді орындаған күйлерін тыңдаушылар жылы қабылдады және олар қала орталығының алаңындағы мерекелік ахуалды қамтамасыз етті.

Биыл оқу жылының аяқталуымен және жазғы демалыстың басталуымен тұспа-тұс келген Балаларды қорғау күні балаларға оң әсер етіп, олардың жазды көңілді және пайдалы, сондай-ақ шығармашылық ізденіспен өткізуіне жағдай жасады.