5-6 маусымда музыка мектебінің екі корпусының түлектері үшін қоштасу қоңыраулары соғылды. 60 оқушы музыкалық білім алуын аяқтады.  Музыка мектебін бітіргені туралы куәлік беру рәсімімен бірге жүректі толқытатын қоштасулар мен құттықтаулар, жүрекжарды алғыс сөздер айтылды, сондай-ақ бұрынғы шәкірттерге айналған оқушылардың орындауындағы әдемі музыка да шырқалды.