26 қазанда Қостанай қаласының музыкалық мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы балаларға қосымша білім беру бағдарламасын жүзеге асырумен айналысатын білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларына арналған «Баянда, аккордеонда, гитарада ойнауды үйрету кезіндегі педагогикалық технологиялар» тақырыбы бойынша республикалық біліктілікті арттыру аясында тәрбиеленушілер жеке орындаушылар мен мектеп ұжымының қатысуымен есеп беру концертін берді. Қонақтар ретінде кәсіби музыканттардың – еліміздің түрлі өңірінен келетін әріптестеріміздің қатысатынын ескерген орыс халық аспаптары бөлімінің педагогтары өздерінің шәкірттерін аса ықтиярлықпен дайындап, репертуарды алдын ала іріктеді және орындаушылық мәнерлерін мұқият пысықтады. 

 

Балалар да ұстаздарын жерге қаратқан жоқ, олардың әрқайсысы жарқын және шынайы өнер көрсетуге, тыңдаушыларға шығарманың идеялық ойын жеткізуге тырысты. Музыкалық фольклордың алуан түрлі тембрі мен әуендерін әуелеткен, әрқайсысы өздерінше ерекше, өздерінше сұлу көрінген гитара, балалайка, домра, баян, аккордеон және вокалдық нөмірлер сахнада бірін-бір алмастырып жатты.

 

Концерттің онсыз да алуан түрлі бағдарламасын аралас бөлімдер: фортепиано, қазақ халық аспаптары бөлімдерінің оқушылары одан ары байыта түсті. Алайда көпшіліктің күткеніндей ұжымның – домрашылар триосының (жет. Т.Егорова), Саксофоншылар ансамблінің (жет. П.Латышев) және атақты Скрипкашылар ансамблінің (жет. Е.Тулупова) өнер көрсетуі мейлінше таңданыс тудырды.

 

Концерт ішінде курстың тыңдаушыларынан басқа ең ізгілікті көрермендер – ата-аналар, тәлімгерлер мен кішкентай әртістердің сыныптастары болған қатысушыларға жоғары көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. «Азаматсың» деген айғайлар мен ду қол шапалақ жергілікті жас музыканттардың білім деңгейіне берілген жоғары баға болды.