19 шілдеде Қостанай Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бойынша тәжірибе алмасуға арналған республикалық семинар-практикумға қатысушыларды қарсы алды.
Таңғы сағат 9-дан бастап қалалық балалар шығармашылығы мектебі, қаламыздағы сурет және музыка мектептері дайындаған шығармашылық алаңдар жұмыс істей бастады.
Жас музыканттардың – мектебіміздің оқушыларының өнер көрсетуін «Рахмет саған, туған ел!» әнін орындаған А. Попов бастады. Әннің авторы – музыка мектебінің оқушысы А.Гуцан. Оқушылардың өнер көрсетуін домбырашылар дуэті (Ж. Көбжалел мен Д. Қанапин) жалғастырды. Б. Қадыр (қобыз) мен жас флейташы С. Сұлтанғалиев тыңдармандарды өз өнерлерімен қуантты. Скрипкашылар дуэті (В. Тутаев және А. Танкеева) қызықты заманауи туындыларды орындады. Вокалшылар – апалы-сіңлілі Маша мен Рита Кунщиковалар, педагог М.С. Өтегенов концертті тамаша орындалған туындылармен аяқтады. Олар қазақ және орыс тілдерінде халық әндері мен қазіргі кездің әндерін орындады. Шын жүректен айтылған алғыстар мен қол соғулар барлық жас өнерпаздарға арналған марапат болды.