31 шілдеде «Жас сайыскерлер мектебі» бейінді алаңы өз жұмысын жалғастырды. Балалар музыка мектебінің оқушылары Қостанай қ. қосымша білім беру ұйымдарының жас домбырашылар оркестрінің бірлескен дайындығына қатысты. Дыбыстың үйлесімділігі, орындаудың эмоционалдылығы, техникалық дәлдігі, артикуляцияның анықтығы және т.б. секілді бірқатар орындаушылық міндеттер шешілді. Бірнеше рет қайталанған жаттығулардың нәтижесінде Құрманғазының «Адай» күйі әлдеқайда жақсы және мәнерлі орындалатын болды.
View the embedded image gallery online at:
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1990-zhas-sajyskerler-mektebi-zh-mysyn-zhal-astyruda.html#sigFreeId24f7423e1c
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1990-zhas-sajyskerler-mektebi-zh-mysyn-zhal-astyruda.html#sigFreeId24f7423e1c