07 қыркүйекте музыка мектебінің оқушылары модераторы Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мамандары болған республикалық кеңеске қатысты. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі орта мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының 500-ден астам балалары бір уақытта эфирге қосылды.

Оқушылар мен педагогтарды РҚББОӘО жетекшісі Шер Раиса Петровна жылы жүзбен құттықтады.  

Кеңес «Төрт тоқсан – төрт өнер» атты ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында «Ақындар айтысы» республикалық байқауын өткізу шарттарын түсіндіруге арналды.

Спикерлер жобаның идеясы, айтысты дайындау және өткізу шарттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, оқушыларды жалпы республикалық іс-шараға белсенді қатысуға шақырды. Кездесу соңында Арқалық педагогикалық институты оқытушыларының орындауында айтыстың қолдануға болатын үлгісі көрсетілді.