4 қазанда БММ-де «ТӨРТ ТОҚСАН — ТӨРТ ӨНЕР» жобасы аясында қазақ халық шығармашылығының жалпы халықтық сүйікті түрлері — айтыс пен тартысқа арналған іс-шара өтті. Аталған іс-шараны өткізуге Қостанай облысының танымал айтыскері Әсия Беркенова үлкен әдістемелік көмек көрсетті. Ол балаларға айтысты өткізудің негізгі ережелері туралы, әр ақынның өз сарынының, яғни өз әуенінің болатыны туралы, айтыстың түрлері туралы, айтыскерлердің айтыстың жарқын үлгісі болған тарихи кездесулері туралы айтып берді… Балалар көрермендерге өздерінің музыкалық аспаптардағы орындаушылық шеберліктерін көрсеттішығармаларды орындамас бұрын олардың идеялық-көркемдік мазмұны туралы қызықты да тартымды әңгімелеп берді. Осылайша олар халық шығармашылығына тән сипаттардың бірін — музыка мен сөздің ажырамас бірлігін көрсетті. «Өнер алды – қызыл тіл» деген қанатты халық сөзіне сәйкес балалардың қазақ тілін жетік меңгергені қуантады.