Біз балаларымыз бос уақытының көп бөлігін компьютердің алдында өткізетін жаңа заманда, жаңа әлемде өмір сүріп жатырмыз. Концерттерге, театрларға бару уақыт өткен сайын азайып келеді. Отбасыларда тыңдалатын музыкалардың негізгі репертуары – заманауи әндер мен рэптер, компьютерлік ойындармен бірге жүретін электронды музыка. Сондықтан музыка мектебінің мұғалімдері оқушылармен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар шеңберінде балалармен бірге мектеп концерттеріне қатысып қана қоймай, шәкірттерін филармониялық концерттерге апаруды да ұйымдастырады. Осылайша, олар музыкалық мәдениеттің негіздерін қалыптастырады және оқушыларында нағыз өнерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді.
№2 корпустың фортепиано бөлімінің педагогы Н. Г. Плюшко өз сыныбының оқушыларын филармонияда өткен камералық музыканың концертіне алып барды. Оқушылар әртістерді үлкен қызығушылықпен тыңдады. «Vetus Perfomans» атты концерт әдеттен тыс, филармонияның фойесінде өтті. Бағдарламада Бах, Гандель, Гайдн, Порпор, Моцарттың шығармалары орындалды.
Концерттен кейін мектеп қабырғасында балалар алған әсерлерімен алмасты, тыңдаған музыкалары туралы пікірлерін ортаға салды.