Сабақтың екінші айы өтіп жатыр. Көптеген жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша музыка мектебінің 2-ші корпусының мұғалімдері қазан айында «Баламыз музыка мектебіне түсті» тақырыбымен ата-аналар жиналысын өткізеді.
Мамандық бойынша сабақ, сольфеджио дегеніміз не, үйдегі сабақтарды қалай жоспарлау керек, үйде балаға қалай көмектесуге болады – мұғалімдер осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап береді.
Ата-аналар алдында оқу ісінің меңгерушісі А.К. Дюсенова және бөлім меңгерушілері С. Д. Ардабьева, Е. Б. Фисенко, теориялық және аспаптық пәндер оқытушылары сөз сөйледі. Олар оқу жоспары, оқушылар оқитын пәндер туралы айтып берді. Мұғалімдер оқытудың барлық аспектілерін қамтуға тырысты, ал теорияшылар ата-аналарға арналған жаднамалар дайындады. Семинар соңында оқытушылар мен оқу ісінің меңгерушісі ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2039-birinshi-synyp-o-ushylaryny-ata-analaryna-arnal-an-zhinalys.html#sigFreeId94b3c42235