20 қазан күні № 1 музыка мектебінің екінші ғимаратында аталған мерекеге арналған концерт өтті.

Іс-шараның сценарийін дайындаумен теориялық пәндер бөлімінің педагогтары Е. Б. Фисенко, М. В.  Сложеникина, фортепиано бөлімінің педагогы С. Д. Ардабьева, қазақ аспаптары бөлімінің педагогы Ж. К. Уразалина айналысты. Концерт бағдарламасының негізгі ниеті мен мұраты отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, еліміздің, Қазақстанда тұратын халықтардың мәдени құндылықтарын құрметтеу болды. Домбырашылар триосының орындауында қазақ композиторларының шығармалары – Құрманғазының әйгілі «Балбырауын», Ғ.Жұбанованың «Прелюди», А. Хачатурянның «Подражание  народному» туындылары, қазіргі заманғы авторлардың танымал шығармалары орындалды. Фольклорлық ансамбльдің және хор бөлімі оқушыларының вокалдық нөмірлері жоғары деңгейде орындалды.

Концертті педагогтар Ж. К. Уразалина мен Ж. О. Турмагамбет жүргізді.