Оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталды. Әдеттегідей, қалыптасқан ережелерге сәйкес тоқсан соңында оқушылар техникалық сынақтар, алғашқы үйренген пьесаларын тапсырады. Музыка мектебінің екінші корпусында 28 қазан күні фортепиано бөлімінде 2-сынып оқушылары үшін этюдтер фестивалі және 3-сынып оқушылары арасында міндетті этюдті үздік орындаушылар байқауы өтті.

Жеребе тарту, бағдарлама – бәрі нағыз байқаудың талаптарына сай жүргізілді.

Сахнада өнер көрсету оқушылар үшін де, балаларын қолдауға келген тәрбиешілер мен ата-аналар үшін де толғанысқа толы болды. Қатысушыларды тыңдағаннан кейін құрамына бөлім педагогтары С.Д. Ардабьева, Е. Г. Лупаина, Н. Г. Плюшко және оқу ісінің меңгерушісі А. К. Дюсенова кірген қазылар алқасы қорытынды шығару үшін басқа бөлмеге кетті. Бұл арада бағдарлама жүргізушісі Л. А. Тытюкова көрермендер арасында оқушылардың көмегімен суретпен жасырылған музыкалық викторина өткізді. Жұмбақты шешуге ата-аналар да белсенді қатысты.

Өнер көрсетудің нәтижелері жарияланғаннан кейін оқушылар мен педагогтар естелік суретке түсті.