Музыка мектебінің оқушылары байқауларға қатысуға үнемі қызығушылық танытады. Сүйікті аспапта ойнай білу қабілетін көрсету, Қазақстанның әр өңірінен келген өз құрдастарын тыңдау, қазылар алқасының құрамында танымал музыканттар мен беделді педагогтарды көру – «Астана Мерей» республикалық байқауы осындай мүмкіндіктер береді.

    Музыка мектебінің екінші корпусының мұғалімдері оқушыларымен бірге оған дайындықты бастағалы біраз болды.

Репертуарды талқылау және таңдау, сыныптағы және концерт залындағы көптеген дайындықтар, бағдарламаны алдын ала тыңдау – қазақ халық аспаптары бөлімінің оқытушылары А.М. Тоқмағамбетова мен Ж. К. Оразалина өз оқушыларымен алдағы байқауға мұқият дайындалуда.

    Осы аптада байқау басталады. Байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз!